Түпқараған орталық аудандық ауруханасы, аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, Түпқараған гуманитарлық -техникалық колледжінің студенттеріне семинар жүргізді. Шара барысында, колледж басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Таңатаров алғашқы сөз басын бастаса, АПБ ЖПҚб ӘЗЗҚт аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкуренова слайд арқылы баяндамасымен, зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу , ана мен баланы қорғап, қоғамда отбасының нығайту қажет екендігін түсіндірді





