Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және босанған әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін,пневматикалық емес соққыға қарсы киімнің қолданылуын, орталық аудандық ауруханасының гениколог дәрігері А.Азанқызы көрсетуде.
Хирургиялық араласуға, қан құюға немесе жедел жәрдеммен анағұрлым мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыруға мүмкіндік беру үшін гемодинамикалық тұрақтылықты қалпына келтіру үшін уақытша шара ретінде қолданылатын пневматикалық емес шокқа қарсы киім.
Шокқа қарсы киім ДДҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның халық қоры (ЮНФПА) репродуктивті, ана, жаңа туған нәрестелер мен балалар денсаулығына маңызды шараларға арналған медициналық өнімдердің ведомствоаралық тізіміне енгізілген. Бұл киім жатырға қан ағымын азайтады, гиповолемиялық шокты емдейді және 48 сағатқа дейін қан кетуі бар әйелдің өмірін сақтай алады.