Жұқпалы жіті ішек ауруларының клиникасы,диагностикасы,емдеу,індетке қарсы және балалар шағындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу ( ИВБДБ ) бағдарламасы бойынша, аудандық мәдениет үйінде кең көлемде, аудан бойынша, медицина қызметкерлеріне семинар өтті. Семинардың алғашқы шымылдығын Түпқараған аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Ж.З.Тимурова баяндамасымен ашып, Маңғыстау облысынан эпидемиолог Қ.М.Жұмабековна,балалар инфекционисті И.К.Владимировна,балалар шағындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу бағдарламасы бойынша облыстық үлестіруші С.Г.Булатовна баяндама оқып, папиллома вирусына қарсы вакцина жайлы түсіндіру жұмыстарын медицина қызметкерлері арасында жүргізді. Семинар соңы сұрақтарға жауап берумен аяқталды.