Skip to content

Жас жеткіншектер жоспарлы тәртіппен вакцинациялануда

Бүгін, ауданымызға қарасты барлық мектеп ошақтарында « Адам папиллома вирусына қарсы» қыз балаларға екпе егу науқаны басталды. Екпе алған қыз балаларды, алдымен дәрігер дене қызуын, қан қысымын тексеріп,екпе егілген соң, арнайы дайындалып, жасақталған бақылау бөлмесінде жарты сағат бақылауда болады. Бақылу кезінде, екпе алушыларға психологтар тренинг өткізді.
Статискатикаға сүйенсек, жылына 1900-ге жуық қыз-келіншек қауіпті дертке шалдығады. Оның 600-і дәл осы аты жаман аурудан көз жұмған, сондықтан ақ халаттылар уақытылы тексеріліп, медициналық көмекке жүгіну керектігін ескертеді.
Осылайша, екпе егу арқылы, мамандар жас жеткіншектерді жатыр мойны обырынан сақтауды көздеп отыр.

Бүгінгі екпе жұмысы барысында басшылық тарап, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының директоры Жалғасбаев Нұрлыбек Орынбасарұлы, орталық аудандық ауруханасының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Базарбаева Жаннат Қазиқызы екпе жұмысының басы-қасында жүріп, бақылауына алды. Бүгінгі бірлесіп жасалған ұжымдық жұмыс өз нәтижесін беріп, бәрі сәтті өтті.

Leave a Reply