Ақтауда орын алған апаттық жағдайға байланысты облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылып, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Дәрі -дәрмек қоры толықтай жеткілікті.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына 27 науқас жатыр. 27 зардап шеккендердің 11-і ауыр жағдайда, олар реанимацияға жатқызылды. Ал екі бала облыстық балалар ауруханасында. Дәрігерлер жағдайларын бақылап тексеруде.
