Skip to content

ТУТЕКОВА  ГАУХАР  КОНАКБАЕВНА « Шапағат » төсбелгі ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Тутекова Гаухар Конакбаевна, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының, перзентхана бөлімінде 32 жыл еңбек өтіліммен акушер маманы болып қызмет етіп келеді. Марапат иесімен тілдесе отырып  « Акушерлердің маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені босанудың қалай өтетінін көбінесе  олардың біліктілігі анықтайды. Осы жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі, қиындығы көп, бұл мамандыққа таңдауыңыз қалай түсті ? », — деген сауалмен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Әрине бұл мамандықты өзімнің қалауыммен, ұнаған соң таңдадым. Ал, енді мамандықтың маңыздылығы жағынан, тек жақсы жақтарын айта аламын. Маған нәзік жандылармен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды, сол үшін мен өз жұмысымды шын махаббатпен атқарамын. Оларға осы әлемге жаңа өмір әкелуге көмектесу, осы процестің қатысушысы  болу және жаңа өмірдің дүниеге келуіне үлес қосу мен үшін өте маңызды. – дейді, Тутекова Гаухар Конакбаевна.

Әрбір жүктілікті ерекше бақылап, ана мен баланың денсаулығы мен әл-ауқатына көз жеткізу үшін барлық қажеттілігін,баланың дамуын бақылап және болашақ аналар үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етіп жүрген ерен еңбектерін елеп, өз ісінің кәсіби маманы атанып жүрген Тутекова Гаухар Конакбаевнаға табысты еңбек жолын тілейміз.

Leave a Reply