-Науқас 48 жаста. Біздің ауруханамызға портал арқылы ( жоспарлы ота ) ота жасатуға түсті. Келген кездегі диагнозы: өт-тас ауруы. Созылмалы тасты холецистит. Науқастың айтуынша бір жылдан бері, оң жақ қабырғасының асты шаншып, ауырсынуы, ауызға ащы дәмнің келуі, тамақты дұрыс қорыта алмау сияқты шағымдар мазалаған. Өз еркімен ультрадыбыстық зерттеуден ( УЗИ) өтіп, нәтижесінде өт қалтасының тастары және қабынуы анықталған. Хирургтің кеңесі бойынша оперативтік ем тағайындалды. Науқасқа « Лапароскопиялық холецистэктомия » отасы жасалды, яғни лазерлік әдіспен өт қалтасын тастарымен бірге алып тастау. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ. Үйіне шығару жоспарлануда,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.
– Екі жыл бұрын,дәрігерге қаралып, УЗИ ге түскенімде осы диагнозды қойып еді. Уақыт өте келе,ауырсынулар мазалап, күшейе бергесін ауруханаға барып,қаралуыма тура келді. Келген бойда,тексеріп, анализдерімді тексеріп, портал арқылы, яғни жоспарлы ота жасаймыз деп шешім қабылдады. Ота сәтті өтіп,қазіргі жағдайым жақсы,өзімді жақсы сезінемін. Барлық ақ халатты жандарға алғысым шексіз, хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевичке, Маңғыстау облысының бас хирургі Мукантаев Талгат Естургановичке, хирург мейірбикесі Жолдасбаева Айжамал Алпысбаевнаға, дәрігер анестезиолог- реаниматолог Молдабеков Мейірлан Мейірболатович,анестезиолог мейірбикесі Таурбаева Нұршат Жанабековнаға көп- көп рақмет айтқым келеді. Алғысым шексіз,-дейді бар ризашылығын білдірген науқасымыз.

