Skip to content

Түпқараған  орталық  ауруханасында, ауыл тұрғыны, 39 жастағы  әйел адамға қысылған кіндік жарығы диагнозымен, жарықты кесу, жарықтың пластикасы  отасы жасалды

Түпқараған  орталық  ауруханасында, ауыл тұрғыны, 39 жастағы  әйел адамға қысылған кіндік жарығы диагнозымен, жарықты кесу, жарықтың пластикасы  отасы жасалды. Науқасқа жасаған ота сәтті аяқталып, қәзіргі таңда жағдайы жақсы. Аталған ота және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізіліп келеді.

-Науқас,  үш күн ауырып, біздің қабылдау бөліміне келіп түсті. Келген кезде шағымдары: кіндік аймағында бегісіз бір түзілістің болуына, кіндік терісінің қызаруына,қатты ауырсынуына шағымданып келді. Науқастың айтуынша, үш күннен бері осы шағымдар мазалаған, өздігінен дәрі ішкен,көмегі болғасын, қабылдау бөліміне келген. Хирургпен қаралып,науқасқа қысылған кіндік жарығы диагнозы қойылып, шұғыл түрде оперативті ем тағайындалды.Науқастың келісімі алынып, жарықты ашу,жарық пластикасы отасы жасалды. Жасалған  ота сәтті аяқталып,қәзіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы жақсы,-дейді хирург дәрігер Қартбаев  Асылхан Сергалиевич.

Leave a Reply