Түпқараған орталық ауруханасында, ауыл тұрғыны, 23 жастағы ер адамға жедел аппендицит ( острый аппендицит ) отасы жасалды. Науқасқа жасаған ота сәтті аяқталып, қәзіргі таңда жағдайы жақсы. Аталған ота және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізіліп келеді.
-Науқас, таңғы сағат 06.00 – де қабылдау бөліміне келіп түсті. Келген кезде ішінің оң жақ бөлігінің қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Науқастан тиісті анализдер алынып, хирург қарап, жедел аппендицит ( острый аппендицит ) диагнозын қойып, шұғыл түрде ота тағайындалды.Жасалған ота сәтті аяқталып,қәзіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы жақсы,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.
