Науқас М. 26 жаста. Түпқараған аудандық ауруханасына жоспарлы түрде оперативті емге порталмен келіп түсті.
Шағымдары: оң жақ шап және ұма аймағындағы үлкен түзілістің болуына, күшену кезінде түзілістің көлемінің ұлғаюына, аздаған ауырсынуға шағымданады.
Науқастың айтуынша аталған шағымдар 2 айдан бері мазалайды. Тұрғылықты жері бойынша емханаға хирургке қаралған. УДЗ(УЗИ) түсіріліп, шап-ұма жарығы(пахово-мошоночная грыжа справа) анықталғаннан кейін науқасқа оперативті ем ұсынылған.
Амбулаторлы тексерулерден өткеннен кейін науқас біздің ауруханаға оперативті емге портал арқылы келіп түсті.
13.09.2024ж. Науқасқа “Жарықты кесу, оң жақ шап каналының Лихтейнштейн әдісі бойынша сеткалық имплантпен пластикасы” (Грыжесечение, пластика правого пахового канала сетчатым имплантом по методу “Sublay” по Лихтейнштейну) операциясы жасалды.Операциядан кейінгі диагноз: “Оң жақ қиғаш шап-ұма жарығы”(Косая пахово-мошоночная грыжа справа).Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.
