Skip to content

Түпқараған орталық аудандық ауруханасының   анестезиолог-реаниматолог дәрігері  Молдабеков Мейірлан Мирболатович, медицина қызметкерлеріне «Жүрек-өкпе реанимациясы » тақырыбында, клиникалық өлім жағдайындағы науқасқа көмек көрсету сабағын жүргізді.

Жүрек-өкпелік реанимация (ЖӨР) — науқастың немесе зақымданушы ағзасының барлық функцияларын қалпына келтіруге арналған шаралар кешені.Бірінші кезекте тыныс жолдарының өтуін, өкпе желденуі мен қанайналымды қалпына келтіру, сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз өзгерістерінің алдын алу керек.

 

Ең бірінші өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету.

Науқасты қатты,тегіс жерге горизантальды бағытта жатқызамыз.

Жалпы жағдайын анықтаймыз.

Науқасты иығынан түртіп:

Сізге не болды?

-Маған жауап бере аласыз ба? – деген сұрақтар қоямыз. Сафари әдісін қолданамыз.

Тамыр соғысын, тыныс алуын  тексереміз, егер ешқандай белгі байқалмаса ары қарай жүрекке тікелей емес массаж жасауға кірісеміз.

Семсер тәрізді өсіндіден 2 см жоғары тенр және гипотенр аймағын жүрек тұсына сол жаққа қарай орналастырамыз.

Оң қолымыздың үстіне сол қолымызды құлып тәрізді орналастырамыз.

Қолдарымыз түзу,шынтақ қалпында бүгілмеген болу керек.

Компрессия тереңдігі 5-6см.

Жиілігі: 1мин 100-120 30ға дейін х3 рет санаймыз.

Leave a Reply