Skip to content

Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы, “Jas senim” қоғамдық қоры мен орталық аудандық ауруханасы бірлесіп ұйымдастыруымен…

Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы, “Jas senim” қоғамдық қоры мен орталық аудандық ауруханасы бірлесіп ұйымдастыруымен, Қызылөзен елді мекеніндегі  З.О.Баймырзаев мектебінде “Нашақорлық ғасыр дерті” тақырыбында мамандармен жоғары сынып оқушыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында мектеп оқушыларына қазіргі таңдағы өзекті тақырыптар бойынша, яғни, нашақорлық, лудомания, таксикомания, темекінің зияны туралы ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинарға  Түпқараған ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің юнолды аға инспекторы Д.Майраддинович, орталық аудандық ауруханасының психиатр-нарколог дәрігері  Аманова Ақілгек Арқабайқызы, дінтанушы маман Н.Дидарбекұлы және психолог маман  М.Ілиясқызы қатысты. Іс-шара соңында әттегідей психолог – маман тренингтер өткізіп, сергіту сәтімен аяқталды.

Leave a Reply