Skip to content

Таушық ауылына жедел жәрдем көлігі берілді

0 тамыз күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылына барған сапарында жергілікті амбулатория қызметкерлері заманға сай жедел жәрдем көлігінің аса қажеттігін айтып, өңір басшысына өтініш білдірген еді.

Араға алты күн салып Таушық ауылдық амбулаториясына талапқа сай жедел жәрдем көлігі табысталды.

Ауыл дәрігерлері мен тұрғындары жылдар бойы жыр болған мәселенің оң шешілгеніне дән риза. Енді медициналық жедел жәрдем 2700 тұрғынға қызмет көрсетеді.

-Науқастардың өмірін арашалауға алғаш болып жедел жәрдем бригадасының баратыны белгілі. Ал, дертке шалдыққандардың тағдыры дәрігерлер мен медициналық жабдықтарға, көлікке де байланысты. Таушық ауылы тұрғындары бастары ауырып, балтыры сыздай қалған жағдайда жедел жәрдем қызметіне хабарласып, жедел көмек алуға тағы да мүмкіндік алды,-деді Түпқараған аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрлыбек Жалғасбаев.

Leave a Reply