Skip to content

ӨКПЕ ОБЫРЫ ӨРШІМЕСІН ДЕСЕК…

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері қараша айының 23-күні өкпе обырына қарсы бірыңғай «Ашық есік» күнін өткізеді. Бұл шара сенбі күні таңғы сағат 09.00-ден түскі 13.00-ге дейін дисапсер ғимаратында өтеді, – деп хабарлайды орталықтың Баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Ашық есік» күні өкпе обырымен қатар, ұйқы безі қатерлі ісігі және қуықасты безі обырының да алдын алу жұмыстары жүргізілмек. Мамандар ұйқы безі дерті елімізде қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің алғашқы бестігіне кіреді дейді. Сондықтан бұл ауру туралы халықты хабардар етіп отыру аса қажеттігін айтады. Ал, қуықасты безінің қатерлі ісігі де адам өміріне қауіптілігі жағынан одан кем түспейді.
Қорытыа айтқанда, өкпе обыры, ұйқы безі және қуықасты обыры туралы жұртшылықты хабардар ету, оның алдын алу медицина мамандарының күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Оған тұрғындар бейжай қарамауы тиіс, -дейді дәрігерлер.
«Ашық есік» күні өңір тұрғындары соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар арқылы өз денсаулығын тегін тексертеді, мамандардан ақысыз ақыл-кеңес алады.
Біздің мекен-жайымыз: Ақтау қаласы, 1 «А» шағын ауданы, 3 ғимарат. Облыстық онкологиялық диспансері. Байланыс телефоны:
Тіркеу бөлімі: 8708 604 24 91
Колл орталық: 8708 604 24 92

Leave a Reply