Бүгін Ақшұқыр мектеп-лицейінде туберкулез ауруына байланысты қарсы манту және екпе салу жөнінде түсіндірме жұмыстары өтті. Кеңеске Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров, Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, СЭБ басқармасы мен білім басқармасының басшылығы және жауапты мамандар мен ата-аналар қатысты.
Жиында осы уақытқа дейін 8 оқушы туберкулез ауруымен анықталғаны жөнінде ақпарат айтылып, мамандар манту және екпе салу арқылы аурудың алдын алатынын айтып өтті. Одан бөлек, ата-аналар мамандарға өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Осы ретте тұрғындардан әлеуметтік желі беттеріндегі көрінеу жалған ақпараттарға сенбей, ресми ақпараттар мен мамандардың кеңесіне жүгінуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратылған жағдайда құқықтық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.







