Skip to content

Квота дегеніміз не?

Квота — бұл мемлекеттің өзінің ауырып қалған азаматына белгілі бір емдеу түрін жүргізуге бөлетін қаржы.

ҚР әр азаматы медициналық көмекті тегін, мемлекет қаржысы есебінен алуға құқылы.

Квота стационар шарттарында мемлекет қаражат есебінен медициналық көмекті ұсынуға есептелген. Медициналық көмекті көрсету – емханалар мен ауруханаларда емдеу – мемлекеттен тегін медициналық көмектің көлеміне енеді.

Қандай жағдайларда квота беріледі?

Жергілікті емдеу мекемелерінде емдеу мемлекеттік тегін медициналық көмек көлеміне кіреді. Сіз тәулік бойы стационарда да, амбулаториялық-емханалық деңгейде де емделе аласыз. Егер дәрігер стационарлық ем тағайындаған болса, ол жолдама беруі керек. Тіркеу нөмірін алғаннан кейін сіз республикалық емдеуге жатқызу бюросының сайтында Қазақстанның ауруханаларында емдеуге жатқызу үшін бос орындарды өз бетіңізше қадағалай аласыз.

Leave a Reply