Ол үшін облыстық онкологиялық диспансеріне келсеңіз болды. Бірнеше сағат уақытыңызды бөліп, тегін тексеріліп кетіңіз, – деп хабарлайды орталықтың Баспасөз қызметі.
Қатерлі ісіктің алдын алу үшін дер кезінде тексеріліп, денсаулығыңның жай- күйін білу аса маңызды дейді мамандар. Осы мақсатта онкологиялық диспансерде қазан айының 5-і күні таңғы сағат 09.00- ден түскі 13.00- не дейін бірыңғай “Ашық есік” күні өтеді.
Өңір тұрғындарын орталық дәрігерлері мен мейірбикелер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен тексеріп, ақысыз ақыл-кеңес береді. Тек өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келсеңіз болғаны.
Біздің мекен-жайымыз: Ақтау қаласы, 1 “А” шағын ауданы, 3 ғимарат. Облыстық онкологиялық диспансері. Байланыс телефоны:
Тіркеу бөлімі: 8708 604 24 91
Колл орталық: 8708 604 24 92