Дощаева Гүлжан Рзашқызы, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында, 30 жылдық дәрігерлік еңбек өтілімінің тең жартысынан көбін балалар денсаулығына мән беріп, педиатрия саласы бойынша қызмет етіп келеді. Өзінің туған жері Баутино дәрігерлік амбулаториясында 27 жыл қызмет еткен білікті,білімді дәрігер. Еңбегіңіз еленіп, табысты еңбек жолын тілей отырып,өзімен тілдескен болатынбыз.
– Шын айтсам, бұл – мен үшін ерекше марапат. Өйткені, менің 30 жылдық дәрігерлік еңбек өтілім мен менің мерейлі жасыма тұспа тұс кеп, алып жатқан марапатым және өзіме, халық алдында берген есебім, атқарған еңбегімнің жемісі, жеңісі.Бұл марапат жалғыз менікі ғана емес ұжымдық еңбектің жемісі деп ойлаймын – дейді, педиатр дәрігер Дощаева Гүлжан Рзашқызы.
«Үздік атануға барлық медицина қызметкері лайықты, бірақ соның ішінде, мені осы марапатқа лайық деп тауып, ұсынып жатқан басшылыққа алғысым шексіз! » – деген жүрек- жарды,алғыс сөздерімен толқу үстінде отырған дәрігерімізді тағы бір мәрте құттықтап, атқарып жүрген еңбегіне рақметімізді айттық.



