Skip to content

Біздің дәрігерлер

ЖАЛГАСБАЕВ  НУРЛЫБЕК ОРЫНБАСАРОВИЧТүпқараған орталық аудандық ауруханасының директоры. 2008 жылы  Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының « педиатрия » мамандығы бойынша тәмәмдады.

2009 жылы инфекцинист дәрігер болып, 2012 жылы анестезиолог- реаниматолог  дәрігер  қызметіне ауыстырылды.  2017 жылы Москва Н.Н.Бурденко университетінде нейро реанимация бойынша оқыды. 2023 жылы Франция, Италия қаласында емхана ісі бойынша тәжірибе алмасудан өтті.

2009 – 2017 жыл аралығында Түпқараған орталық аудандық аурханасының балалар бөлімшесінің бөлім меңгерушісі және анестезиолог- реаниматолог   мамандығы бойынша қызмет етті.

2017– 2021 жыл аралығында Маңғыстау облыстық ауруханасында анестезиолог- реаниматолог дәрігері болып жұмыс жасады.

2021 жылы Түпқараған орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары лауазымын атқарды. Бірінші санатты анестезиолог- реаниматолог  дәрігер, денсаулық сақтаудағы менеджмент бойынша екінші санатты   дәрігер.

2021 жылы  « Халық алғысы »  төс белгісімен марапатталған.

МЕНДАЛИЕВ НҰРБОЛ АСХАТҰЛЫ – Түпқараған орталық аудандық ауруханасының директорының ұйымдастыру, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. Еңбек өтілі 12 жыл. 2011 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық  медицина университетінің  « дәрігер- биохимик » мамандығы бойынша тәмәмдады. 2011- 2013 жыл аралығында осы университетте « Қоғамдық денсаулық сақтау » мамандығы бойынша магистратура бітірген. 2014 жылы « Денсаулық сақтау саясаты және басқару » кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасаған. 2014- 2017  жылдар аралығында  « Қоғамдық  денсаулық  сақтау » мамандығы бойынша РhD докторантура да оқыған. Чехия,Польша,Туркия,АҚШ елдерінде біліктілік жетілдіру тәжірибелерінен өткен.

БАЗАРБАЕВА ЖАННАТ КАЗИЕВНА – Түпқараған орталық аудандық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары. Еңбек өтілі 13 жыл.

2004- 2006  жылдар аралығында  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина акедемиясын « емдеу ісі » мамандығы бойынша тәмәмдады.

2012- 2015  жылдар аралығында  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің « Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы » бойынша резидентураны бітірген.

2009- 2010  жылдар аралығында  « емдеу ісі » бойынша интернатураны бітірген. 

НҰРОВА МЕЙРАМГҮЛ ӘЛІМҚЫЗЫ- Түпқараған орталық аудандық ауруханасының меңгерушісі. Еңбек өтілі 6 жыл. 2017 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің « балалар дәрігері » мамандығын меңгерген. 2018 жылдан бастап Түпқараған орталық аудандық ауруханасының  « балалар бөлімі » де педиатр дәрігер   болып жұмыс жасаған.  Аудан әкімінің, денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатын иеленген.

ТАҢАТАРОВА АНЕЛ БАЛТАБЕКҚЫЗЫ –  Түпқараған орталық аудандық ауруханасының бас мейірбикесі.  Еңбек өтілі 10 жыл.  2012 жылы Ақтау қалалық медико- кәсіби – техникалық колледжінің « Емдеу ісі » мамандығы бойынша тәмәмдады. 2012 – 2019 жылдар аралығында Ақтау қалалық № 2 емханасында учаскелік мейірбике болып жұмыс жасаған. . 2019 – 2023 жылдар аралығында Түпқараған орталық аудандық ауруханасында операциялық мейірбике жұмысын атқарған. Аудан әкімінің алғыс хатын иеленген.