Skip to content

Туберкулез ауруының қолайсыз нәтижелерінің себебі көбінде науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі…

Туберкулез ауруының қолайсыз нәтижелерінің себебі көбінде науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі, өз денсаулығына көңіл бөлмеуі, профилактикалық зерттеп-тексерулерден жалтаруы болып табылады. Аурудың бастапқы нысандары жақсы емделеді, ал асқынып кеткен нысандарын көбінде жылдар бойы емдеуге тура келеді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы тиімді болу үшін,аурудың алдын алу бағытында, Түпқараған орталық аудандық аурухана  директорының, емдеу ісі жөніндегі орынбасары Базарбаева Жаннат Казиқызы, ауданға қарасты Сайын ауылында орналасқан дәрігерлік амбулаториясының медицина  қызметкерлерімен кездесіп, ҚР ДСМ № 214 бұйрығы бойынша сабақ жүргізді. 

Leave a Reply