Skip to content

Түпқараған орталық аудандық ауруханасының   мейірбикесі  Венера Укибасова, медицина қызметкерлеріне « Мидың ишемиялық бұзылуы» тақырыбында  сабақ жүргізді

Ми қан айналымының бұзылуы — бұл бас миының бөліктеріне қанның келуі азаятын жағдай. Осының салдарынан гипоксия, яғни оттегінің жетіпеушілігі туындап, бас миының бір бөлігі өліп қалады.

Дәрігердің айтуынша, қан айналымы бұзылуының екі түрі бар:

  • Ишемиялық — қан тамырының бітелуі. Көп жағдайда бұл жүректен шыққан тромб немесе атеросклеротикалық түйнек. Қан тамырындағы жарықшақ жабылып, қан түспеген соң, қорек жетпеген бас миының бөлігі өліп қалады.
  • Геморрагиялық — қан тамырының жарылуы. Соның салдарынан бас миына қан кетіп, бұл да бас миының бір бөлігінің өліп қалуына алып келеді.

Екі жағдайда да ауру үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан шұғыл түрде дәрігерге жүгініп, жедел жәрдем шақыру керек.

Leave a Reply