«Мектепке тағзым» жобасы аясында,алды осыдан 46 жыл,кейінгі түлектердің 26, 24 жыл бұрын бітірген, қәзіргі атауы Жалау Мыңбаев мектеп- гимназиясынан түлеп ұшқан түлектердің табысты өмір жолдарын үлгі ете отырып, оқушылардың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімдерді ұялату, туған жеріне, мектебіне деген перзенттік сүйіспеншілігі мен махаббатын тереңдету және құрмет көрсетуді насихаттау мақсатында, әдемі кездесу шарасы өтті. Шараның басты мақсаты, оқушыларға өз мектептерін үздік бітіріп, қәзіргі таңда бір мекемені басқарып, таңдаған мамандықтарын абыроймен алып келе жатқан түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету болатын. Міне, осы әдемі кездесу кешінің басты қонақтары, Түпқараған орталық аудандық ауруханасын 22 жыл басқарып, 40 жыл еңбек сіңіріп, еңбек демалысына шыққан Г.Бақытқызы, қәзіргі таңда осы мекеменің тұғырын ұстап,басқарып отырған директор Н.Орынбасарұлы және осы мекемеде 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан дәрігерлер кардиолог А.Бүркітқызы, гинеколог А.Азанқызы болды.
Кездесу барысында қонақтар мектеп табалдырығында жүрген кездерінен қызықты оқиғаларынан үзінді келтіріп, биік мақсаттарға жету үшін білімді, тәрбиелі болу маңызды екенін, өмір жолында әр түрлі қиындықтар болатынын, бірақ соларды жеңе білу әркімнің өзіне байланысты екенін оқушыларға айтып, өмірге қажетті жақсы мамандық иесі болуға шақырды.Білім, тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын айтып, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.




