Түпқараған орталық аудандық ауруханасы, аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, Форт – Шевченко мектеп – лицейінің жоғары сынып оқушыларына семинар жүргізілді. Шара барысында, АПБ ЖПҚб ӘЗЗҚт аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкуренованың слайд арқылы баяндамасымен басталып, зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу , ана мен баланы қорғап, қоғамда отбасының нығайту қажет екендігі түсіндірілді.







