Жиырма бірінші ғасыр-жаңа технология,цифрландыру,компьютермен қызмет жасау заманы болды. Менің айтайын дегенім,дәрігер офтальмолог ретінде,осы көз жанары ауруларының қазіргі таңда көп тарағаны осы «Сығыр көз»,яғни көзді сығырайтып қарау/миопия/.Бұл ауру мектеп жасындағы оқушылар арасында өте жиі кездеседі.Қолдарында бір-бір смартфон,үңіліп,берілген тапсырмаларды орындап отырғандары.Мектеп жасына дейінгі,керек болса,кішкентай сәбилердің қолдарына смартфонды ата-анасы ұстата салады,яғни,тыныш отырсын дегендері ғой.Осы жағдайлардан кейін менің байқағаным,көздің көруінің төмендеуі,басының ауырып,көз жасының мезгілсіз ағуы сияқты симптомдарымен қабылдауға көбінесе келетіні ойландырады.Күні-түні смартфонға телміріп қарағаннан,көз алмасы жарқыраған экраннан талып ауырады,жас ағып,көздің жан жағы қызарып,көз маңының айналасы қышып мазалайды.Қабылдауға келген пациентке ем-дом тағайындалады,арнайы жаттығулар жасау айтылады,және де обылыс орталығына жолдамамен қосымша тексеруге, аппаратпен емдеу ұсынылады. Толық тексерістен кейін,ем дом қабылдап болғаннан соң алысқа көру көзілдірігін алуға рецепт беріледі. Көз жанарын күту,көзге салмақ салмау, дәрігердің айтқандарын орындау әр адамның міндеті.Әдемі де,ғажап,көркем табиғатты тамашалауға жететін бұл дүниеде ешнәрсе жоқ.
Азаматтарға айтатыным,40-70 жас аралығындағы аудан тұрғындарын қол жетімді скрининг тексеріске шақырамын.