Науқас 61 жастағы әйел адам. Ұзақ уақыттан бері оң жақ қабырға астының шаншып ауырсынуы, ауызға өттің қышқыл дәмнің келуі,кекіру шағымдары мазалаған. Емханадан тексеруден өту барысында, өт қалтасында тастар анықталды. Емхана хирург дәрігеріне қаралып, оперативті ем ұсынылды.Толық амбулаторлы тексерулерден өтіп, портал бойынша Түпқараған ауруханасында оперативті емге түсті.Ота сәтті шығып, өт қалтасынан әр түрлі көлемдегі 31 дәне тас шықты. Қәзіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы жақсы, үй жағдайына жақын арада шығарылады,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.


