Skip to content

Әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында, қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып…

Әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында, қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу мақсатында  « Ерте жүктіліктің алдын  алу » тақырыбында гуманитарлық- техникалық колледжінің студенттерімен( қыз балалармен ) семинар өткізілді. Аудандық орталық ауруханасының акушер маманы Д.Берішбаева  ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары  туралы студенттерге түсіндірду барысында «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?- деген сауал төңірегінде ой қозғап,  пікір алмасу, роликтер көрсетілді. Шара соңында, қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі – келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екендігін ескертілді.

Leave a Reply