Жалпы адам баласы, қатерлі ісік ауруына ұшырағанын сезіп тұрса да, дәрігерге олар ауруын әбден асқындырып алып барады. Сондықтан әр адам ауырып емес, ауырмай тұрып алдын ала дәрігерге қаралуы тиіс. Сонда ғана қоғам ауру-сырқаудан тазарып, салауатты өмір салтанат құрады деген ойымызды жеткізу мақсатында, ауданымызда орналасқан « Алпамыс » бөбекжайының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары бағытында семинар – тренинг жүргізілді. Түпқараған орталық аудандық ауруханасының онколог дәрігері А.Молдабекова барлық сұрақтарға жауап беріп, сөз соңында қызметкерлерге обыр құрығынан сақтану үшін алдын ала тексеріліп тұрған жөн екендігін және бір мәрте ескертіп өтті.


