Түпқараған орталық ауруханасында, ауыл тұрғыны, 55 жастағы әйел адамға кіндік жарығы диагнозымен отасы жасалды. Науқасқа жасаған ота сәтті аяқталып, қәзіргі таңда жағдайы жақсы. Аталған ота және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізіліп келеді.
-Науқас, жоспарлы түрде, портал бойынша, біздің ауруханамызға оперативті еміне келіп түсті. Науқасқа кіндік жарығы диагнозы бойынша ота жасалды. Қәзіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы жақсы,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.





