Skip to content

Республика күні қарсаңында  сәбидің дүниеге келуі жақсылықтың хабаршысы, үлкен қуаныштың басы болсын!

Түпқараған орталық аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде,

мерекеге қарсаңында аудан тұрғыны, жас ана  Г.Сельбаева төртінші нәрестесін дүниеге әкелді. Осындай қуанышты күнде,  Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында « Саламатты ел » қоғамдық бірлестігі төрайымы Г.Есетова жас анамызды мерекемен құттықтай отырып, кішкентай сәбиге алғашқы сыйлығын ұсынды.

Өз үйінде, отбасымен алғашқы және алдағы  мерекелерін, бауы берік, дені сау болып қарсы ала берсін деген ақ тілегімізді ауданымыздың кішкентай тұрғынына тілейміз!

Leave a Reply