Еліміздің нарығына шөліңді әп -сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың сатылып жатқанына біраз уақыт болды. Көбіне ештеңеден бейхабар жасөспірімдер, жастар, тіпті ата-аналардың өздері баласының денсаулығына аса қатерлі улы сусын сатып әперіп жатқанын білмейді. Қай сауда орнына барсаңыз да, сусындардың түр-түрін көресіз. «Кока-кола», «Пепси-кола», «Спраит», «Макси шай» т.б. жастардың сүйікті сусынына айналды. Бұл сусындардың зияндылығы, әсіресе жас ағзаға қаншалықты үлкен зардап әкелетіндігі жайлы кейінгі уақыттта ғана айтыла бастады. Әсіресе, Coca-Cola сусынын үнемі пайдалану салдарынан адам ағзасының фильтрі саналатын бауырдың іруі өте жиі кездессе, бүйрекке тас жиналуы, жүйке аурулары, қант диабеті, асқазан жарасы, қатерлі ісік аурулары т.б. пайда болатын көрінеді.
«Еліміздің – болашағы жастар»-дейді, ендеше жастарды салауатты өмір салтын ұстап, жас ғұмыры солмасын деп, экологиялық мәселелерді шешудің маңызы зор деп білемін. Жалпы адамзаттың өсіп – өнуіне қауіп төндіретін энергетикалық сусынды пайдаланудың алдын алу күресі – әрбір жеке тұлғаның ғана емес, қоғам үлесінде.