Skip to content

Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы 11-13 жастағы қыздарға вакцина салынады

Құрметті аудан тұрғындары!

Ата- аналар,бүгін қыздарға АПВ вакцинасын алу туралы шешім қабылдағанда, сіз оларды болашақта онкологиядан сақтайсыздар.

АПВ вакцинациясының арқасында жатыр мойны обырын жоюға болады. Вакцинаны белсенді түрде алуға шақырамыз!

АПВ инфекциясын жұқтыру жатыр мойны обырын, вульва мен қынаптың, көмей мен ауыз куысының қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Бүгінгі таңда АПВ-ның емі жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Жалпы АПВ деген не? Вирусқа қарсы вакцинаны Қазақстанда кімге салдырады? Вакцина тиімді ме? Бұл сұрақтарға жауапты  алу үшін, видео роликке назар аударайық!

– АПВ-ға қарсы вакцинация қалай жүргізіледі?

– Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері арқылы қолжетімді болады. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады.

Вакцинация ата-аналардың немесе қамқоршылардың ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің қарауынан кейін жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакциналар стандартты 0,5 мл көлемде иықтың дельта түріндегі бұлшықетінің ішіне енгізіледі.

Екпе алу арқылы болашағымызды

қәтерлік ісік ауруларынан қауіпсіз етейік!

Leave a Reply