Skip to content

Бүгін, « Таза Қазақстан » экологиялық ақциясы аясында, « Сәтті сәрсенбі!» атты тазалық акциясы Түпқараған ауданы, Форт- Шевченко қаласы теңіз жағалауында, аудан әкімінің қатысуымен өтті.

Бүгін, « Таза Қазақстан » экологиялық ақциясы аясында, « Сәтті сәрсенбі!» атты тазалық акциясы Түпқараған ауданы, Форт- Шевченко қаласы теңіз жағалауында, аудан әкімінің қатысуымен өтті. Аталған экологиялық акцияға, ауданға қарасты барлық бөлімдер, МКК мен отандық және шетелдік мекеме қызметкерлері қатысты. Таңғы 07.00- де басталған осы бастамаға, орталық аудандық аурухана басшысы Жалғасбаев Нұрлыбек Орынбасарұлы бастаған ұжым  атсалысты.

Тазалық шарасына қатысушылар ала таңнан бастап бірнеше шақырымға созылып жатқан теңіз жағалауын қоқыстан тазартып, жүздеген қапшықты күл-қоқысқа толтырды. Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу береді. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да атсалысамыз. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
 

Таза ұстауды өзімізден бастағанымыз жөн!

“Табиғатты аялауымыз керек, өйткені ол біздің табиғат анамыз.

Табиғатты құрметтейтіндер өзін құрметтейді.

 Барлығымыз қаланы таза ұстауға атсалысайық!

Leave a Reply