Елімізде 2024 жылдан бастап жасөспірімдерді АПВ — адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жоспарланып отыр. Бұл вирус әйелдердің және ерлердің жыныс мүшесінің қатерлі ісігіне апарады.
Адам папиллома вирусы — әлемдегі ең көп тараған вирус. Бүгінгі күні бұл вирустың 200-ге жуық штамы зерттелген. Ең қауіптісі — 16 және 18-түрлері, олар онкогенді және жатыр мойнының және әйелдердің сыртқы жыныс мүшелерінің, ерлердің жыныс мүшелерінің, сонымен қатар шырышты қабаты бар басқа органдардың қатерлі ісігін тудырады, — дейді дәрігерлер.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында, «Алпамыс » бөбекжайының қызметкерлеріне, орталық аудандық ауруханасының гениколог дәрігері А.Азанқызы, онколог дәрігері А.Мейрамбекқызы дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

