Skip to content

ВИЧ/СПИД. Қалай алдын алу керек?

СПИД – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды ВИЧ – адамның иммундық тапшылық қоздырғышы (АИТҚ) тудырады. АИТҚ аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін. АИТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АИТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады.

АИТҚ иммунитеттің ең маңызды жасушаларын өлтіреді. Бұл өте ақырын жүреді, бара-бара кез келген аурумен иммундық жүйе күресе алмайтын дәрежеге жетеді. СПИД о бастан-ақ денсаулығы әлсіз адамдарда тез ұлғая бастайды. Бұған шылым шегу, алкоголь, есірткі, дұрыс тамақтанбау және беймазалық күй де кері әсер етеді.

Бұл өте маңызды! АИТҚ жұқтырған адамдар жылдар бойы өздерін дені сау адамдардай сезінеді және сыртқа да солай көрінеді, олар жылдар бойы осы ауруды жұқтырғанынан бейхабар жүруі де мүмкін. Бірақ жыл өткен сайын алғашқы белгілері біліне бастайды.

Салмағы күрт төмендеп, үлкен дәрет созылмалы сұйық түрде кететін болып, әлсіздік белең алады, қоздырғыштар мен бактериялар тудыратын аурулар жиілей бастайды. Бірнеше жылдан, бәлкім айдан соң, СПИД өзінің бар екендігінен толықтай хабар береді: ауыр жұқпалы аурулар, ісіктер, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы біліне бастайды.

АИТҚ мынадай жолдармен:

Қан арқылы:

ü АИТҚ жұқтырған донордың мүшесін я болмаса тіндерін салдыру кезінде немесе қан құю кезінде;

ü есірткіні тамырға салу үшін ине мен шприцтерді бірлесе пайдалану кезінде;

ü медициналық амалдарды стерильденбеген құрал-жабдықтармен атқарған кезде;

ü татуаж және пирсинг аспаптарын стерильденбеген күйде бірлесе пайдаланған кезде жұғады.

Біреудің қырыну заттары мен тіс шеткаларын да пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.

Жыныс жолдары арқылы. Екіқабат, туу және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде жұғады. АИТҚ жұқтырған анадан екіқабат, туу кезінде және емшек сүті арқылы емізген кезде балаға жұғады.

АИТҚ-ны жұқтырып алмас үшін не істеу керек?

ü қандай да бір қаннан бойыңызды аулақ ұстаңыз;

ü есірткіге, оның ішінде, СПИД жұқтыру қаупі жоғары тамыр арқылы егетін түрлеріне жоламаңыз;

ü некесіз, бейәдеп, кездейсоқ кез-келген жыныстық қатынастан аулақ болыңыз.

Leave a Reply